Ескі Мақатта наурыз тойы тойланды

(0 Votes)

Мақат кентіндегі Е.Аманбердиев және Б.Төлекбаев көшелерінің белсенді азаматтарының ұйымдастыруымен ескі Мақат тұрғындары бірлесіп, Азаттық көшесінің бойында орналасқан балалар спорт алаңында Наурыз мерекесі тойланды.

Ақшаңқан киіз үйлер бой түзеп, жиылған жұртшылыққа ұлттық тағамдар мен наурыз көже ұсынылды. Мереке көркін ұлттық ойын ойнаған тұрғындар қыздырды.

Сондай-ақ, тұрғындар аудандық балалар өнер мектебінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарлама тамашалады.

Бірқатар елге сыйлы, кентіміздің, ауданымыздың дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс хаттар табысталып, ұлттық ойын жеңімпаздары марапатталды. Мереке соңында балаларға наурыз қоржыны үлестірілді.

М.Ізтұрғанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521