Мақат ауданы әкімдігіне қарасты аудан әкімі аппараты (оның ішінде 5 бөлім), 2 кент, 1 ауылдық округ және 9 дербес бөлім бар.
Жалпы штат саны – 72, нақты 71 штат бірлігін құрайды. Бос орындар саны – 1(1 тұрақты). Аудан бойынша мемлекеттік қызметшілердің ішінде ерлер 27 (38%), әйелдер саны 44 (61,9%). Бүгінде мемлекеттік қызметтегі жастардың үлесі 39 пайызды құрайды (27 жас мем.қызметші).
Оның ішінде 6 жас мемлекеттік қызметші басшылық лауазымдарды атқарып отыр. Қазіргі таңда жастардың мемлекеттік қызметке келуіне ешқандай кедергі жоқ.
Тиісті заңдылықтарға негізделген тесттен өтіп, мамандығына сай кез-келген жарияланған лауазымға өтініш білдіріп, әңгімелесу комиссиясынан сәтті өтсе аталған лауазымға тағайындала алады.
Жастардың мемлекетік қызметке келуін жеңілдету мақсатында, заңнамаға бірқатар түзетулер енгізілді.
Мәселен жоғарғы оқу орындарын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орташа 3,33 GPAмәнімен аяқтаған үздік түлектер, аудан мен ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстан өтпей, уәкілетті органның келісімі негізінде тағайындала алады.
Бұл жастар үшін беріліп отырған үлкен мүмкіндік деп білемін.