Мақаттық Аққали Астана балет театрының әртісі

(0 Votes)

Жаңа айдарымыздың бүгінгі шығарылымында Мақат маңайынан қияға қанат қаққан ерекше өнер иесі туралы әңгіме қозғамақпыз. Бүгінде есімі елорда жұртшылығына жақсы таныс Аққали Тұрғали – Астана балет театрының әртісі.

Қиын да күрделі би жанрын жанына серік етіп жүрген жерлесімізді жақыннан тану үшін телефон арқылы тілдесіп көрген едік. масы 1999 жылы 20 шілдеде өзіміздің өңірде дүниеге
келіп, алғаш мектеп табалдырығын Х.Санбаев атындағы білім ордасынан аттаған. Бұл жерде бесінші сыныпқа дейін білім алған ол, мектеп қабырғасынан-ақ би өнеріне бейім болады. Шәкірттерінің бойынан ұшқын байқаған ұстаздары Аққалиға біліктілігін кәсіби түрде жетілдіруге кеңес берді. Кейін, бірнеше кезеңнен тұратын конкурстық емтиханнан сүрінбей өтіп, А.В.Селезнёв атындағы Алматы хореорафилық училищесіне грантқа оқуға түседі. Аққали аталмыш училищеден бес жыл білім алып болып жатқан тұста Нұр-Сұлтан қаласында Қазақ ұлттық хореография ака демиясы ашылған еді. Биік шыңдарды бағындыруға бала жасынан талпынған талант иесі бұнымен тоқтасын ба? Әрі қарай аталмыш академияға жол тартып, тағы да үш жыл кәсіби түрде шыңдалды. Жалпы сегіз жыл табанды түрде бидің қыр-сырына қаныққан ол, балет әртісі мамандығын бітіріп, Астана балет театрына жұмысқа ор наласады.

"Жалпы би өнеріне келуіме Мақат аудандық мәдениет үйі себепші болды. Мен сол жерде екі жылдай би үйірмесіне қатысып, кейін Алматыға келдім. Бидің алғашқы қимылдарын үйреніп бастағанымнан-ақ Нұргүл Базаркулова атты жетекшіміз маған Алматыға оқуға түсуге кеңес берді. "Бағыңды сынап көр. Сенің бойыңда бұған қажеттінің бәрі бар",- деп сенім артты. Апайымның кеңесін анама жеткізіп, сол жылы жазда қажетті құжаттарды жинақтап, емтиханның уақытын біліп алдық. Барлығы оңынан болып, әрі қарай би әлеміне қарай бойлап кеттім",-дейді ол.

whatsapp-image-2022-02-01-at-15_48_58
Десе де, алақандай ауылдан алып шаһарға келген алғашқы жылдары ол небәрі он екі жа ста еді. Аққалиға беймәлім ортаға бой үйретіп, өзі секілді еліміздің түкпір-түкпірінен келген балалармен интернатта жалғыз тұруына тура келді. Бұдан бөлек таңнан кешке дейінгі жаттығулары тағы бар. Кәнігі спортшылар секілді классикалық балетпен айналысушыларға да физикалық күш түседі. "Бала болып жары тып ойнап та үлгермедік",- деп езу тартады ол.


"Шынымды айтсам, кішкентай кезімде балет өнерінің не екенін білмедім. Алғашқы жылдары бұл жанр қиын әрі қызықсыз болды. Кәсіби түрде оқығаннан кейін күрделі қимылдар жасап үйреніп, үздіксіз дайындықтарды бас тан өткердік. Арнайы интер натта жатқаннан кейін бар зейінімізді сабаққа аудардық",- дейді Аққали оқуға түсудің оңай еместігін алға тартып.

Жерлесіміздің Астана ба лет театрында еңбек еткеніне көп бола қоймаса да, бүгінгі таңда үшінші маусымына кірісіп кетті. Екі жарым жыл уақыт ішінде көптеген спектакльдер мен концерттерге қатысып үлгерген ол тек қазақстандық сахналарда ғана емес, шет елдерге де жиі-жиі түрлі гастрольдік сапарларға шығып тұратынын айтады. Сондай-ақ, бірнеше фестиваль дар мен конкурстардың да лау реаты атанған жайы бар. "Балет өнері - бидің шыңы, ең қиын стильдердің бірі. Жұмыстың оңайы жоқ. Кез-келген кәсіптің қызығы мен қиыншылығы қатар жүретіні секілді балет өнерінің де өз ерекшеліктері бар. Ең қызықты сәттер ол – гастрольдік турлар. Себебі өз еліміздің мәдениетін басқа елдерге көрсету - бізге үлкен мәртебе. Мәселен, жақында ғана Араб Әмірліктерінде болып, Дубай опера театр ында "Сұлтан Бейбарыс" балетін көрсетіп қайттық.

whatsapp-image-2022-02-01-at-15_49_00


Қазіргі заманда балет өнері бір орында тұрған жоқ. Мысалы көпшілікке көбіне "Аққулы көл" немесе "Ұйқыдағы ару" сияқты балеттер белгілі. Соны мен қатар, біздің елімізде зама науи балеттер де даму үстінде. Осы бағыттағы ню классика, ню балет стиліндегі балеттер маған жақын десем де болады. Мен үшін жаңа дүниелер, жаңа бағыттағы билер барынша қызығырақ. Оларды өз денемнен өткізіп, сахнада көрерменге ұсыну керемет дүние деп ойлаймын. Біздің ұлттық хореографиямызда қаражорға мен қамажайдан басқа өте көп билеріміз бар. Өкінішке орай көпшілігі бұнымен таныс емес. Ал, біздің театырымыздың мақсаты - еліміздің түкпір-түкпіріне барып өзіміздің ұлттық нақышымызбен ұштасқан билерді таныстыру",-дейді мақтанышымыз.

Аққали бүгінде театрдан бөлек академиялық жоғарғы оқу орнында балет ұстазы ретінде білімін жетілдіруде. Оқуын бітіргеннен кейін, театрдан бірнеше жыл тәжірибе жинақтап, балет әртісі ретінде шет елде бағын сынап көргісі келеді екен. "Би өнері дамыған Еуропа елдері немесе Америка секілді әлемнің үздік театрларында жұмысқа тұрсам деген мақсатым бар. Бұйырғанын
көрерміз",- дейді қазақы қалпымен.

whatsapp-image-2022-02-01-at-15_49_01-1
Алға қойған армандарына жетуге біз де тілектес болып, ізінен ілескен іні қарындастарына айтар бір ауыз жылы лебізі мен кеңестеріне құлақ түрдік.

"Әрдайым еңбекқор болып, сабақтарыңызды жақсы оқуға және де өздеріңіз құштарлықпен айналысатын іске талаптануға шақырамын. Кез келген істі ешқандай қиыншылыққа қарамастан соңына дейін жеткізер болса, міндетті түрде әркім өз ісінің хас шебері болады. Оңай ешнәрсе жоқ. Сонымен қатар спортпен айналысуға, түрлі тілдерді үйренуге қысқасы, заманмен бірге дамыңыздар дегім келеді",-дейді.

Аққалидың табандылықпен өткеріп келе жатқан өнер жолы ішінде таланты бұғып жатқан біраз жас жеткіншектеріміздіңқиялына қанат бітіреріне нық сенімдіміз. Біз сені әлемнің үздік сахналарынан көрейік, Аққали!

А.Садықов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521