Ауданда жоғалған адам қырдағы қыстақтан табылды

(0 Votes)

Атырауда полицейлер хабарсыз кеткен 32 жастағы жігітті тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

31 қаңтар күні  Жылыой ауданының тұрғыны өзінің туған ағасы  Бейбіт Қамысбаевтың бір күн бұрын УАЗ автокөлігімен Құлсары қаласынан шамамен 65 шақырым болатын Сарыбұлақ елді мекеніне жақын қырға жалданып, азық-түлік апарып келуге кетіп, осы уақытқа дейін оралмағаны жөнінде Жылыой аудандық полиция бөлімінің хабар келіп түскен.

"Хабарлама түскеннен кейін сол күні полицейлер мен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жоғалған адамды іздеуді бастаған. Жедел іздестіру шаралардың нәтижесінде жоғалған азамат таңғы сағат  4:00 шамасында "Қадия" қыстағынан табылды. Жоғалған азаматтын туыстары полиция бөлімінің және аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлеріне өз алғыстарын білдірді" делінген баспасөз парағында.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521