"Көзді ашып-жұмғанша жылдам хабар алғызған"

(0 Votes)

Цифрландыру жұмыстарының басым бөлігі телекоммуникация саласына қатысты. Облыс әкімдігімен «Қазақтелеком» Ақ-ы «Жол картасы-2019» жобасы жасақтады.

Ауданымыздағы қарапайым халықтың айрықша сұранысына ие жоғары жылдамдықтағы интернет желісімен қамтамасыз ету жолында көптеген жұмыстар атқарылуда.

Сапалы ғаламторға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін талшықтық-оптикалық байланыс жүйелерінің маңызы зор. Аталмыш байланыс жүйесі тұрғындардың электронды мемлекеттік қызметке, қашықтықтан оқытуға және телемедицина саласына қолжетімділігін арттырады. Сондай-ақ, бұл жүйе шағын бизнесті дамытудың да көкжиегін кеңейтетіні анық.

«Қазақтелеком» АҚ-ы талшықты оптикалық байланыс желілері технологияларын қолдану арқылы Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерінде интернетке кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету жобасы шеңберінде биыл ауданның бірқатар жерінде талшықтық оптикалық желісінің құрылысы басталып, жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Оптикалық талшықтың жеткізуі 20 мбит/сек жылдамдықпен жұмыс жасайды және сапасы өте жоғары.

Қазіргі таңда орталық аурухана, полиция бөлімі, әкімішілік, халыққа қызмет көрсету орталығы, прокуратура, сот мемлекеттік органдарға оптикалық кабель төселіп жатыр.

Сондай-ақ, Мақат кентіндегі «Локомотив» ықшам ауданы, «Береке» ықшам ауданы мен Жұмағалиев көшелеріне де тартылып жатыр.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT