Газетіміздің 2019 жылдың 31 қаңтарынан бастап 8-9-беттерінде «Тарих төрінде - Мақат» айдарымен аудан тарихын танытар мақалалар, аудармалар мен көшірме материалдар жарық көріп келеді.
«Әр елді мекеннің кешегі жүрген ізінде небір тарих жатыр. 95 жылдық мерейтой тарихымыздың тереңдігін, рухымыздың биіктігін алыс-жақын аудандар мен облыстарға танытпақ. Өткенімізді түгендеп, тың толықтырулар жасап, үлкен еңбекті елге көрсетейік. Бұл тек үлкен қуаныш ғана емес, алдыңғы буын аға-апаларымызға деген құрмет деп білеміз. Бұл айдар ішінде өздеріңізден келген аудан тарихына қатысты көне суреттер, деректі құжаттарды қатар жариялаймыз. Сондай-ақ, «Тарихты тұлғалар жасайды» айдарымен жерлестер мақтанышына айналған елжанды азаматтардың өмір тарихымен таныстыруды қолға алмақшымыз.
Ең бастысы, өңірде болған тарихи оқиғалар, жағрафиясы мен табиғи құрылысы, пайдалы қазбалары, ауыл-аймақтарындағы жер-су, қасиетті орындар, әлеуметі, мәдениеті, оқу-ағарту саласындағы және өндіріс саласындағы жұмысшыларды елі тануы тиіс. Оқырмандарымыздан аудан тарихының қалыптасуына үлес қосқан азаматтар туралы, олардың естеліктері туралы құнды деректерге толы материалдар күтеміз» деген едік сонда.
Бүгінгі күні осы тілегімізді оқырмандар құп алғанымен, самарқау қимылдауда.
Құрметті оқырман!
«Maqat tynysy» газеті өздеріңізден келген құнды материалдарды асыға күтеді.