Халықтық штаб өз жұмысын бастады

Халықтық штаб өз жұмысын бастады
Сурет автордікі
(0 Votes)

 «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Айбол Долдашевтың төрағалығымен аудандық халықтық штаб отырысы өтті. 

Аудандық халықтық штабтың отырысына ардагер, қоғам белсенділері Ерғазы Жоламанов, Есенжан Төлешқалиев, «Мақат локомотив пайдалану депосының» басшысы, депутат Абзал-Сенбі Самаликов, Х.Санбаев атындағы орта мектебінің мұғалімі Ғайша Ділмағамбетова, БАҚ өкілі Бейбіт Жалмұханов қатысты.

Халықтың штабтың басты мақсаты – мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында АЭС салу туралы тұрғындарға ақпарат беру.

Аудандық халықтық штаб Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауында баса айтылған АЭС салу мәселесін талқылап, тұрғындарға ақпарат беру мақсатында арнайы мекемелер мен нысандарды аралау үшін жоспар құрды.

Осы бағытта халықтық штаб мүшелері ауданымызда орналасқан мектептерді аралауды бастады. Атап айтқанда, Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай мен Л.Шахатов атындағы орта мектебінің ұстаздар қауымымен кездесіп, АЭС туралы ақпарат берді. Ақпараттық топ түсіндірме жұмысын жүргізген кезде, баламалы энергия көздері Қазақстанда ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде тапшы екендігін тілге тиек етті. Сонымен қатар, экологиялық ахуал мен еліміздегі парниктік газ шығындарының күн санап артып келе жатқандығы айтылды. Мәселен, көмірқышқыл газы – 81,6 % органикалық отынды жағу бөлсе, ал метан 12,4 % негізінен пайдалы қазба өндіру кезінде бөлінсе, азоттың шала тотығуы 5,6 % қалдық ауаға тарайды. АЭС арқылы парниктик газ шығындарын жылына 10 млн тоннаға дейін азайтуға болады екен.

Сондай-ақ жылу және атом энергетикасының радиациялық фоны және химиялық ластығының айырмасы жер мен көктей айырманы көрсетеді екен. Мысалы, ЖЭС күкірт тотығы – 7-120 мың тонна, ал АЭС те бұл о тонна құрайды екен. Аэс салудың тағы бір ұтымды тұсы – 60 жылдан астам уақыт бойы тұтынушыларды сенімді энергия көзімен қамтамасыз етуге жол ашады екен.

Электр энергиясының баламалы көзі – атом электр стансасын салу екендігін әлем елдері әлдеқашан ұғынып қойғандай. Қазіргі таңда, дүниежүзінде 415 атом электр стансасы бар. АЭС –тің белгіленген жалпы қуаты 373 735 МВт құрайды. Дамыған және дамушы елдердің басым көпшілігі атом электр стансасын салу арқылы электр энергиясын тиімді пайдаланып, табиғи ресурстарды үнемдеуге жол ашуда. Кездесу соңында аудандық халықтық штаб мүшелері мекеме қызметкерлеріне әлем елдерінде іске асып жатқан жұмыстар мен тәжірбиелерден мысал келтіріп, тұрғындарды толғантқан сұрақтардың жауабын берді.

Ж.Қамза

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521