Көппәтерлі тұрғын үйлерге ПИК керек

(0 Votes)

Жақында аудан әкімі Жұмабай Қарағаев ескі Мақаттағы 48 көше 60 пәтерлік, Н.Шағырова көшесіндегі №18/1,2,3,4,5, 4/1,2,3,4,5,6,7 №45 үй, және «Ағайынды Телішевтер» көшесі №93,96,109,112 сынды көппәтерлі үйлердің тұрғындарымен кездесіп, тұрғын үйлердің жай-күйімен танысты.

М.Баймұханов атындағы мектеп залына жиналғандарға жауапты мамандар көппәтерлі тұрғын үйлерді күтіп ұстау, пәтер иелерін кооперативін құру, олардың жұмысын сапалы жүргізу және жарнаның тарифін бекіту сынды түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ескі Мақат тұрғындары мекен еткен 18 көппәтерлі үйдің 1-еуі 3 қабатты, ал қалған 17-сі 2 қабатты үйлер. Ал «Ағайынды Телішевтер» көшесінің бойындағы №109 және 112-үйлер 1953 жылы салынған. Көнерген пәтерлер қазіргі кезде тозығы жетіп тұр. Ал, соңғы салынған 3-қабатты 60-пәтерлік үй былтыр жыл соңында пайдалануға берілді.

Жиында сөз алған аудандық тұрғын үй инспекциясының басшысы Б.Жайкин: -қазіргі кезде осы көппәтерлі үйлердің сыртқы келбеті де, ішкі жағдайы, яғни тазалығы, жертөле жағдайы дәліздердегі электр жүйесінің жүргізілуі сын көтермейді. Сол сияқты үйлердің аулалары да қоқыстарға толы. Сондықтан да үйдің таза болуы мен қауіпсіз жағдайда өмір сүру үшін ортақ мүлікті күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу үшін пәтер иелері кооперативін құру қажетпіз деді.

Газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521