Қоқыс ортасында отыруға көндігіп кеткенбіз енді оларды айыппұл күтіп тұр

(0 Votes)

Ауданымызда наурыздың он-бесінен бастап екі айға ұласатын санитарлық тазалық айлығы жарияланды. Бұл туралы өткен аптаның жұмасы күнгі актив жиналысында аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиев мәлім етті.

Әуелі аудан әкімдігінің №55 Санитарлық тазалық жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және аудан елді мекендерінің санитарлық жай-күйі мен көріктендірілуі жөнінде екі айлық байқау өткізу туралы қаулысымен таныстырды.

Аталмыш екі айлық барысында аумақтарды тазалау жұмыстары, тал отырғызу, гүлзарлар мен гүл егу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, бұралқы ит пен мысықтарды аулау жұмыстары да қатар жүретін болады. Сол сияқты, кенттерді көркейту жұмыстары іске асырылмақ. Атап айтқанда, кіші сәулет формалары, ғимарат маңдары қалыпқа келтіріледі. Екі айлық тазалық шарасы аясында түрлі акциялар ұйымдастырылады.

Қаулыда көрсетілгендей, меншік түріне қарамастан, барлық ұйымдар мен кәсіпорын басшылары екі айлық кезінде іргелес жатқан аумақтарға санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізуі тиіс. Қоқыс шығару, көркейту және көгалдандыру бойынша қажетті жұмыстарды орындауға өз ұжымдарының қатысуын түгелдей қамтамасыз етуі керек.

Әсіресе, қыс кетіп, жер аяғы кеңіген тұстағы күл-қоқыстардың ауыл келбетін бұзатыны сөзсіз.

- Қордаланған қоқыстардың көше сәнін бұзуына жол бергізбейміз,-деді Н.Ерғалиев.

Толығырақ газетіміздің №12 санында

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT