Үйіңді заңсыз кеңейтсең, үйдей пәлеге қаласың

(0 Votes)

Әр тұрғынның әлеуетіне қарай тұрмысын түзеп, шаруасын үйлестіруге заң тұрғысынан құқықтық сауаттылығын жетілдіруге мүмкіншілік зор.

Мәселен, тұрғылықты үйін кеңейту, жаңа нысан құрылысын сау жоспарын жүзеге асыру үшін де жергілікті атқарушы орындардан рұхсат алуы керек-ақ. Мұндай шаруашылықтарын қолға алатын тұрғындар үшін әсіресе, жаз айлары қолайлы. Осы уақыт ішінде жергілікті сәулет және құрылыс бөліміне келіп түсетін өтініштер де еселенеді. Алайда, тұрғындардың заң тұрғысынан көп нәрсеге құқықтық сауаттылығы жете бермейтіні де анық. Ал оларға кеңес беріп, құжаттарын рәсімдеуге аталмыш бөлім мамандары қашанда әзір.

Сондықтан тұрғын үй құрылысын салу үшін жеке тұлғалар заң талабына сәйкес рұқсат беру тәртібін білуі маңызды. Себебі, тұрғындар бұл туралы жергілікті сәулет және қала құрылысы бөлімінен рұқсат алып, құжаттарын рәсімдеуден бастайды.

Елімізде 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңын, 2000 жылғы 27 қарашадағы №107 «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңын, қаулысын басшылыққа ала отырып, жеке тұлғалардың өтініштерін қарап, аудандық сәулет және қала құрылыс бөлімі рұқсат береді. Атап айтқанда өз жер учаскесіне тұрғын үй және қала құрылыс бөлімі рұқсат береді. Атап айтқанда өз жер учаскесіне тұрғын үй құрылысы, ескі үйді бұзып орынына жаңа тұрғын үй салу үшін, жалғам құрылысы, тұрғын үйді қайта жоспарлау үшін, шаруашылық тұрмыстық құрылын салу үшін рұқсат беру туралы (бұдан әрі – Нысан) осындай талаптарға сәйкес рұқсат етіледі.

Ол үшін әрбір жеке тұлға аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінен нысанның сәулеттік-жобалық тапсырмасын алып, нобайлық жобасын дайындап, келісім алу және соған сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізеді.

Жыл басынан бері аудандық сәлет және құрылыс бөліміне 34 өтініш түсіп, қанағаттандырылған. Тарқатып айтсақ, оның ішінде тұрғын үй құрылысын салу үшін 10, шаруашылық тұрмыстық құрылысы үшін 3, ескі үйді бұзып орынына жаңа тұрғын үй салу үшін 8, жалғап салу құрылысына 9, қайта жоспарлау 4 өтініш қабылданып, мамандар барлығының да құжат рәсімдеу тәртібін уақытында аяқтауға мүмкіндік жасаған. Тұрғындар тарапынан бөлімге келіп түскен өтініштерді қарау 15 жұмыс күні ішінде аяқталады.

Л.НҰРБАЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521