ГАЗ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ МАМАНДАРЫ - ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

ГАЗ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ МАМАНДАРЫ - ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ
(0 Votes)

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкин газ шаруашылығы саласының мамандарын қабылдады.

Қабылдау барысында аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Орынбасарұлы мұнай-газ саласы қызметкерлерін құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

“Сіздер аталған салада күн-түн демей тынымсыз еңбек етіп келесіздер.

Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен еңбектеріңіздің арқасында ауданымызда газбен қамту жүйесі тұрақты жұмысын жалғастыруда.

Еңбектеріңізге табыс тілеймін!”, - деді аудан әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар, ол ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар сала мамандарын аудан әкімінің арнайы алғыс хатымен марапаттады.

МТ

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT