Бүгін “Amanat” партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы Айбол Долдашев мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай “Amanat” партиясының аудандық филиалында сала мамандарын қабылдады.
Қабылдау барысында “Amanat” партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Айбол Темірбайұлы мұнай-газ саласында қажырлы еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегінің қоғам үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтіп, айтулы мерекемен құттықтады.
Сондай-ақ бірқатар мұнай-газ саласының қызметкерлеріне "Amanat" партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің атынан арнайы алғыс хаттар табыстады.
Өз кезегінде сала мамандары көрсетілген құрмет үшін партия басшылығына ризашылықтарын білдірді.
Г.Жұбанышқалиева