Елін сүйген ерлер ұмытылмайды

(1 Vote)

Биылғы жылы Ауған жерінен Кеңес Одағы әскерінің шыққанына 31 жылдығына орай Мақат  ауданы әкімі Шәкір Кейкиннің ұйымдастыруымен Ауғанстанның аласапыран зардабын, зұлмат кезеңді өз көзімен көрген, оған қатысқан жауынгерлермен кездесіп, жастарға ой салар үлкен шара өтті.

Аудан әкімі Ауған соғысына қатысқан жас сарбаздар, бүгінгі күннің батырларын айтулы күнмен құттықтап, сіздердің ерліктеріңіз біздің жастарға үлгі деп, сый-сияпат көрсетті. Олардың жесірлеріне, жанұясына әлеуметтік көмек тұрақты түрде көрсетілетінін жеткізді.

Талай боздақтың жалындаған жас  жанын қиған  жан жарасына айналған мағынасыз, жарияланбаған соғыстың қасіреті бүгінгі күнге дейін ел есінде. Өңірдей  өрен шағында қолдарына қару алып жат жерде өздерінің әскери-интернационалдық борышын абыроймен өтеді. Отан Ана жұмсады барды. Батыр халықтың ұрпақтары екендігін білдіріп, жанкештілікпен шайқасты.

1979 жылдың 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпанына дейінгі 9 жыл, 1 ай, 19 күнге созылған ауыр соғысқа КСРО Қорғаныс министрлігі бас штабының мәліметі бойынша кеңестік 620 мың адам тартылса, оның 22 мыңы қазақстандық (872 Атырау облысы) әскери болған. Жарақат пен аурудан қаза тапқандар 15526 адам тіркелсе, оның 924-і қазақстандық.

Хабар-ошарсыз кеткен және тұтқынға түскен 333 адамның 21-і біздің жауынгерлер. Қазақ елінен аттанған әскери қызметкерлердің ішінде 86 жауынгер Кеңес Одағы Батыры атанған. Көптеген жерлестеріміз денсаулығы мен жүйкесіне орасан нұқсан келтіріп оралған.

Мақат ауданынан 27 жауынгер өз еліне, туған жеріне келіп, отбасын құрып, қазірде үбірлі-шүбірлі отағасы атанды. Олар сол кездің талабын, әскери міндетін мүлтіксіз  орындап, антқа беріктіктің, досқа адалдықтың, биік азаматтықтың сынағынан өткен нағыз батырлар.

Тәуелсіз елімізге бүгінгі күні тәубе деген бұл батырлар сол бір қиын сондай қасіретті жас ұрпақтар көрмесін деп тілейді. Бұл қаһармандарымыздың ерліктері ел есінен еш уақытта өшпейді.

Толығырақ газетіміздің кезекті санынан оқи аласыз!

 

С.Халенов,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT