Атырау қаласында өткен «Қазақстан таланттары» балалар мен жастар байқауына Мақат өнер мектебінің 25 оқушысы қатысып, бақ сынады.
Дарынды балалардың мәдени кеңістігін қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеуді көздеген сында домбыра-тенор бойынша қатысқан Әкімгерей Қайырбек, Ермек Мейірлан, Балтабек Ақниет, Төлеген Равиль, Хайруллин Ахмет, Бектұрлы Тұрар, Атапкел Сүндетсұлтан І орын, Махамбет Алсу, Түгелбай Арсен - ІІ орын, Ұғап Айсара, Демеу Гүлзар, Қандыгерей Мадина, Ақмырза Жанерке - ІІІ орынға ие болды.
Фортепианода ойнаған Хисмаден Гүлайна І орын, Дулатқызы Айғаным ІІ орын алса, эстрадалық вокал бойынша Тұрлан Гүлім, Төлеген Равиль І орын, Мұханбет Нұршат, Ешпат Мөлдір, Нәсіпқали Зарина, Қайратқызы Аянат, Айтбай Айсезім ІІ орын, Нұртас Рабиябегім, Жекенбай Жансая, Сәулебай Нұрзада ІІІ орынды жеңіп алды.
Өнер сайысында ұстаздар да елеусіз қалмады. Маулекенов Даулеткерей «Отличник образования» төсбелгісімен, Омарова Гүлмира, Түсіпқалиева Райхан, Дюсенов Асқар, Дюсенова Зарина, Тілеуқұлова Мереке, Ергенова Динара «Үздік педагог» төсбелгісімен марапатталды.
Асқар Дюсенов,
директордың тәрбие жұмысы
жөніндегі орынбасары