Доссорда 280 орындық балабақша бой көтеріп келеді

(0 Votes)

Аптаның сәрсенбісі күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы  «Құтты мекен» ұлттық жобасы аясында құрылған бақылау тобымен Доссор кентінде болып, ондағы мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асып жатқан әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдар құрылысымен танысты.

Филиал төрағасының бірінші орынбасары Ербол Ермағанбетов бастаған топ құрамында аудандық мәслихат хатшысы Қуаныш Исмағұлов және мәслихат депутаттары болды.

Бақылау тобы әуелі 280 орындық балабақша құрылысында болып, нысандағы жұмыс жайымен танысты.

img_5259

maket

Балабақшаның құрылысы 2018 жылдың қараша айында басталды. Теңіз Шевройл  ЖШС-нің  «Игілік» бағдарламасы  аясында жүргізіліп жатқан құрылысты «АRSM» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Тапсырыс беруші  - облыстық құрылыс басқармасы.

Құрылыс басында бақылау тобын қарсы алған серіктестік директорының орынбасары Шынтас Шәріп құрылыс жұмыстарының бүгінде 70 пайызы жүзеге асқандығын айтты.

Екі қабатты нысанның құрылысы әлдеқашан аяқталып, нысан қабырғасының сыртына кірпіш өріліп, ішкі әрлеу жұмыстары жүруде.

Сыртқы қоршаулар да кірпішпен өрілуде.

-Құрылыс нысанында жұмысшылардың техникалық қауіпсіздігі шарттарын сақтауына үлкен мән беріледі. Мұнда жұмыстар жасақталған кестеге сай жүруде. Құрылыс жұмыстарына жергілікті басқару орындарымен бірлесе 10 жұмысшы. 2 инженер, сондай-ақ, медицина қызметкері жұмысқа тартылды, -деді Ш.Шәріп.

Жобада белгіленгендей,  алда ішкі,сыртқы әрлеу, ауланы абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жалғасын таппақшы.

Е.МЫРЗА,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT