Тазалықты жастардан үйренейік

(0 Votes)

Үкімет мүшелері бастаған эко-челлендж Мақатта өз жалғасын тапты.

 Мақаттық жастар да республикалық «Бірге! Таза Қазақстан!» жалпыхалықтық акциясынан тыс қалмады. Өткен сенбілікте олар туған өлкесінің тазалығын қалпына келтіруге өзіндік үлестерін қосты.

Қоршаған ортаның тазалығына біріге атсалысып, сол арқылы жас жеткіншектерге үлгі көрсеткен жастар халықты табиғатты қорғауға, тазалықты сақтауға шақырды.

Аталмыш  акцияға жалпы «Жасыл ел» сарбаздары мен ауданның белсенді ерікті жастарынан құралған  50 адам атсалысты.

jastar

teripjur

Бүкіл елімізде су және су қоймалары маңындағы тазалықты қалпына келтіруге барша отандастар өз үлестерін қосуда. Өңірімізде өзен, көл болмағанымен, мән беріп, тазалығын қолға алатын тұстар жетерлік.

Экологиялық акция негізінде жастар Мақат кентінің Қ.Сатпаев көшесінде орналасқан бұрынғы стадион және   №2 бастауыш мектеп жанындағы  сордың  айналасын  тазалады.

Қолғап киіп, қоқысқа арналған қапшықтарын қолтықтаған жандар күннің аптабы мен ұйытқи соққан  желге де қарамады.

Тазалық жұмыстары кезінде барлығы  30 қапшық қоқысқа тысқа шығарылды.

Естеріңізге сала кетейік,  Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында эко-челлендж бастамасын толық қолдайтынын жазған болатын.

 «Үкімет пен азаматтық қоғамның бастамасымен бүкіл ел бойынша жүзеге асырылып жатқан эко-челлендж қозғалысын толық қолдаймын. Елді тазалық аймағына айналдырайық. Бірге - Таза  Қазақстан! Жарайсыңдар, волонтерлар!»-деп жазған Мемлекет басшысы.

 Өз тілшіміз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT