Дағдарысты дер кезінде еңсердік

(0 Votes)

Теледидар арқылы еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мәлімдемесін тыңдадым.

Ел тәуелсіздігінің қалыптасып, мемлекеттің дамуымен егіз айтылған ұлттық тұлғаны елі құрмет тұтады. Қазақстанның өркениетті елдер қатарынан орын алуына сіңірген еңбегін жоғары бағалаймыз.

Әсіресе, еліміздің тұңғыш Президентінің бастамасымен жүргізілген жүйелі экономикалық саясат ұлттық экономикаға қауіп төндірген қаржылық дағдарыстың алдын алып, одан келетін шығындарды барынша азайтуға негізделді.

Алпауыт мемлекеттердің өздері экономикалық қиыншылықтарға тап болып жатқанда, елімізде жаңа жұмыс орындары ашылды. Тиімді экономикалық жобалар іске қосыла бастады. Солардың бірі – Елбасының 2010 жылы қабылдаған Қазақстанның 2020 жылға дейінгі үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы (ҮИИДБ) болды. Бағдарлама ұзақ мерзімге арналғанымен, ол бүгінгі күннің өзінде тиімді нәтижелерін бере бастады. Оның көрінісін өзіміздің өңірден де көріп отырмыз.

Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында ҮИИД бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан кешенді қолдауды қажет ететін 4 маңызды міндеттерді шешу ұсынылған. Осы 4 маңызды міндеттің ішінде отандық өнім өндірушілердің тауарларын сыртқы нарыққа шығаруды қолдау мәселесі ерекше аталды.

Елбасы қашан да отандық өнімге жол ашып, оның халық игілігі үшін қызмет етуіне атсалысты. Осындай ауқымды істер еліміздің Орталық Азия елдері арасында өзіндік орны бар алдыңғы қатарлы мемлекет екендігін танытты.

Қ.ОМАРОВ,

аудандық қоғамдық келісім кеңестің төрағасы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521