Бір туар тұлғаға ризамыз

(0 Votes)

Тәуелсіз еліміздің тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына жасаған мәлімдемесін онлайн-режимде тыңдап, өз өкілеттілігін тоқтататынын айтты. Әрине, тәуелсіз мемлекетіміздің іргесін нықтап, бүгінгідей өркениетті 30 елдің қатарына енгізуге үлкен еңбек сіңірген тұлғаға қимастық сезім болды. Себебі, мемлекетіміз сындарлы жылдарды басынан өткеріп, Н.Назарбаевтың сарабдал саясатымен стратегиялық жоспарларын айқындады.

Халқымыз көпұлтты ұйыстырған, тұрақтылығы мен татулығы нығайған берекелі елге айналды. Шекарамызды бекітіп, іргемізді бүтіндеді. Елдің экономикасын көтеруде маңызды қадамдарды нақтылады. Міне, бейбіт еліміздің тыныштығы мен әлеуетін сақтауда тер төкті. Н.Назарбаев қазақ елі үшін туылған жан. Өз ұлтын, мәдениетін көтеруге халқын жұмылдырды. Жастарды елжандылыққа, отаншылдыққа шақырды. Ата-бабамыз аңсап жеткен тәуелсіздігімізді сақтау мақсатында жас ұрпақтың рухани дамуына бағыт берді. Мұның дәлелі жыл сайынғы Қазақстан халқына жасаған Жолдауларынан, тақырыптық мақалаларынан айқындалды. Міне, осылайша тұңғыш Президентіміз салып берген сара жолымызбен еліміздің еңсесі тіктелді. Біз бір туар тұлғаға ризамыз, алғысымыз шексіз. Мұны әлем елдері де мойындап, тәуелсіз Қазақстанның беделі биік, шаңырағы шаттықта өмір сүріп келеміз.

Елбасы өзінің мәлімдемесінде өкілеттігін жалғастыруды қоғам қайраткері Қасымжомарт Тоқаевқа үлкен сеніммен тапсыруы елдің болашағына деген жанашырлығы деп ұқтық. Әрине, ел үшін еңбек етіп келетін өрелі азаматтар көп. Біз бірлігіміздің арқасында тұңғыш Президентіміз салып берген жолды баянды жалғастыратынына сенімдіміз.

Марат ШӘЙГӨНОВ,

Мақат ауданының «Құрметті азаматы».

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521