Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Әсел Қаржауова NCOC компаниясының демеушілігімен алынған ауданның мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығына “ТОYOTA HIACE” автокөлігін табыстады.
Автокөлікті табыстау барысында аудан әкімінің орынбасары Әсел Шайзадақызы әлеуметтік салада ауданда бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатқандығын тілге тиек етіп, аталмыш автокөлік әлеуметтік қызмет сапасын арттырып, ерекше жандарға қолдау көрсету жолында өз үлесін тигізеді деп сенім білдірді.
Сондай-ақ, демеушілік еткен NCOC компаниясына аудан жұртшылығының атынан алғысын білдірді.
Ж.Қамза
Сурет автордікі