Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкин Мақат қоғам бірлестігінің ұсынысы негізінде алынған Қазақстан Республикасы Көлік министрінің арнайы алғыс хаты мен «Еңбек ардагері» төсбелгісін бірқатар теміржол қызметкерлеріне табыстады.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары тоғыз жолдың торабында орналасқан Мақат ауданы республикалық маңызы бар ірі теміржол тораптарының бірі екендігін айтып өтті.
Сонымен қатар, аудандағы теміржол саласы қызметкерлері мен жұмысшыларының Қазақстан экономикасының игілігіне қосып отырған үлесі зор екендігін жеткізді.
Марапат иелері де өз кезегінде көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, ел игілігі үшін елеулі жұмыс атқаратындарын айтты.
Ә.Қасым