15 ақпан күні - Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толады.
Осыған орай бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Бекәділ Жайкин аудандағы Ауған соғысына қатысқан ардагерлерге құрмет көрсетіп, мерекемен құттықтады.
Қабылдау барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Бекәділ Орынбасарұлы ел үшін ерлік көрсеткен, жанын қиған жауынгерлер әрқашан халық жадында сақталатындығын және олардың ерліктері бүгінгі ұрпаққа үлгі екендігін айтып өтті.
Сондай-ақ, бұл біздің тарихымыздағы елеулі оқиғалардың бірі екендігін жеткізіп, Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай ауған ардагерлеріне аудан әкімінің алғыс хатын табыстап, естелік сыйлықтарын тарту етті.
Өз кезегінде ауған ардагерлері аудан әкімдігіне ризашылықтарын айтып, алдағы уақытта қоғамдық бірлестік ашу, ауған ардагерлеріне ескерткіш орнату секілді өз ұсыныстарын жеткізді.
Айта кетейік, бүгінде аудан бойынша ауған соғысында азаматтық борышын өтеген 18 ардагер бар.
Ә.Қасым