Ауданда ревакцинациялау белсенді жүргізілуде

(0 Votes)

Ауданда «Спутник Лайт» препаратымен ревакцинациялау басталды. 26 қаңтар күні оның 50 дозасы ауданған жеткізілген болатын. Десе де, екі күн ішінде барлық доза салынып бітіпті.


Бүгінде ауданда ревакцинация жұмыстары белсенді жүргізілуде. 708 аудан тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын қабылдаған. Атап айтсақ, Мақат кенті бойынша – 495, Доссор кенті бойынша – 19, Бәйгетөбе ауылдық округі бойынша – 18 адам ревакцинациядан өткен.


«Спутник Лайт» Ресейде әзірленген SARS-CoV-2 вирусы тудыратын коронавирустық инфекция профилактикасына арналған векторлық вакцина. Аталмыш вакцинаның тиімділік көрсеткішінің иммунизация алудан кейін 28-ші күннен бастап 79,4% құрайтынын айта кеткен жөн. Бүгінгі таңда бұл – Қазақстанда қолдануға мақұлданған осымен бесінші вакцина болып отыр.


М.СЕРІКҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521