Ауданда 300-ге жуық тұрғын "Pfizer" екпесін алды

(0 Votes)

Қазақстанда 12-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін аналар арасында коронавирус инфекциясының алдын алу үшін Pfizer компаниясы өндіретін вакцинаның қолжетімділігі қамтамасыз етілген болатын.


Сондай-ақ, елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау тегін әрі ерікті түрде жүргізілуде. 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерді вакциналауға ата-аналарының немесе олардың заңды өкілдерінің хабардар етілген жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.


Осы ретте ауданымызда Pfizer препаратымен вакциналау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда аудан бойынша Pfizer вакцинасымен 246 тұрғын егілген. Олардың 145-і 12-17 жастағы жасөспірімдер, 35-і жүкті әйелдер, 66-сы лактация кезіндегі әйелдер. Айта кетейік, қазіргі таңда ауданымызда ахуал тұрақты. Сондықтан, індетке қарсы тұрудың бірден-бір жолы – екпе алу екендігін ескеріп, ұжымдық иммунитет қалыптастыруымыз керек.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521