Аудандағы 12 сайлау учаскесінің бірі Доссор кентіндегі Ораз Сарғұнанов атындағы орта мектепте орналасқан №210 сайлау учаскесі. Бұл жерде де саяси белсенділігі жоғары тұрғындар сағат 07:00 көрсеткен бойдан дауыстарын беруде.
Алғаш болып азаматтық міндетін орындаған Черноболь апатының ардагері Байдөш Нұрышев болды. Оған сайлау учаскесінің төрағасы атынан естелік сыйлық табысталды.
Сондай-ақ, таң атпастан келіп дауыс бергендердің бірі - ауыл ақсақалы Орақ Сағынбай. "Қай сайлауда болмасын әрқашан бірінші болып баруға тырысамын. Себебі ел ертеңі үшін маңызды күнде өз үнімді қосуға асығамын",- дейді ол.