banner_damu

Аудан әкімі балаларды құттықтады

(0 Votes)

Жаңа жылды қарсы алу қызығы ең алдымен балдырғандар үшін думанды шараға айналса, ересектер ертеңгі күнге зор үмітпен қайырымдылық істерден қалыс қалмауға тырысады.

Мереке қарсаңында ауданда дәстүрлі ұйымдастырылып жүрген қайырымдылық шаралары жалғасын тапты.

Ертегілер еліне енгендей әсерге бөлеген аудан әкімінің қайырымдылық шыршасына аз қамтылған отбасылардан 100 бала қатыстырылып, білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен театр актерлерінің ертегі қойылымдары балаларды еріксіз баурап алды. Балалар сайқымазақ кейіпкермен бірге сергіту сәттеріне ерекше ынта қойды. Мерекеге келген кішкентай қонақтардың белсенділігін арттырып, думанды шараның сәнін келтіргеніне ата-аналар да риза.

Аудан басшысы Жұмабай Қарағаев балғындарды жаңа жылмен құттықтап, сыйлықтарын табыстады. Ұйымдастырушылар салтанатты шара қонақтарына тәтті бәліштер мен сусындар, жеміс-жидектерден дәм ұсынды. Сонымен қатар жылы киімдер мен сөмкелер де сыйлықтар қатарын толықтырды. Балалар ән салды, би биледі, тақпақ айтып, Аяз ата қоржынындағы сыйлықтардан да құр қалмады.

Мұндай сауапты істер ауданның барлық кенттеріндегі мекеме ұжымдарының ұйымшылдығын танытып, мереке күндері де жалғасады деп күтілуде.

Л.НҰРБАЕВА.

Сурет автордікі.

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Super User

podpiska_kaz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика