Қуаныш сыйлады

(0 Votes)

Доссор кенті әкімдігі ұйымдастыруымен 28 желтоқсан күні кенттегі мүмкіндігі шектеулі балалар мен аз қамтылған отбасы балаларына арналған мерекелік шырша өтті.

Кеш барысында балғындарды келе жатқан жаңа жыл мейрамымен кент басшысы Ербол Ермағамбетов құттықтады. Кейін, балғындарға арнап, сахналық қойылымдар сомдалды. Жаңа жыл қарсаңында ертегі кейіпкерлері балалармен ойындар ойнап, би биледі. Қамкөңіл жандардың қиялына ертегілер әлемінің қаһармандары қанат бітіріп, түрлі ғажайыптар орын алып, көңіл-күйлерін көтерді.

Жасыл шырша жанына жиналған балалар Аяз ата мен Ақшақарды және басқа да ертегі кейіпкерлерін көріп, ерекше қуанышқа бөленді. Балалардың бірі ән айтып, бірі би билеп, енді бірі тақпақ оқып өнерлерін көрсетті. Мерекелік кеш соңында кент кәсіпкерлерінің демеушілігімен бүлдіршіндерге қоржын толы сыйлықтар үлестірілді. Осылайша, қайырымды жандар мерекелік шыршаға атсалысып, қамкөңіл жандардың арман-тілектерін орындауға үлес қосты.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521