Қамданған қапы қалмайды

(0 Votes)

Халқымыз: «Қамданған қапы қалмайды» - деп қауіптің алдын алуға бағыт беруі өткен сабақ алуының көрінісі болмақ.

Себебі сақтанбаса, адам өмірінде қатер төндіретін тосын жағдайлар аз емес. Соның бірі қыс мезгілінде болатын қарлы боран. Қатты жел тұрып, алай-дүлей боран соқса, кім-кімнің де мазасы қашатыны анық. Боран әсіресе, алыс сапарға шыққан жолаушыларға аса қауіпті. «Автокөлік іші жылы, қазір жетеміз ғой» деп жеңіл киініп жүретін салғырттығымыз бары жасырын емес. Қарлы боран кейде бірнеше күнге созылып, қалың қардан автокөліктер кептеліп жүре алмай қалатын жағдай болуы мүмкін. Қатты боранға кейде күшті аяздың да қабаттасатын кездері болады. Қалың қарға кептеліп, жүре алмай қалғанда тоңбас үшін автокөлікті қыздырып қойып, жанар-жағар майды тауысатын да жағдайлар болады.

Ал елсіз далада жанар май бекетін табу мүмкін болмайды. Осындай жағдайда үсіп кету қаупі төнеді. Сондықтан, жолаушыларға айтарымыз, алыс сапарға шығар алдында ауа-райы туралы мәлімет алыңыз. Ұзақ сапарға шығар болсаңыз, жылы киініп, азық-түлік алғаныңыз дұрыс болады. Кездейсоқ апаттан аман болудың осы ережесін естен шығармағаныңыз жөн.

АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521