Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы - жомарттық, кеңпейілдік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат.
Х.Санбаев атындағы мектеп ұжымы балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыра отырып, оқушыларды кішіпейілдікке, бауырмалдыққа баулуды күнделікті тәрбиелік амалдары сапына шығарған емес.
Аталмыш мектепте осы жылдың 10 қаңтары мен 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы өтті.
Күнкөрісі төмен көпбалалы және тұрмысы қолайсыз отбасыларынан шыққан балаларға және басқа санаттағы көмекке мұқтаж балаларға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетуге назар аударуға бағытталған шара барысында кәсіпкерлер белсенділік танытып, балалардың қуанышына себеп болды.
Олардың қатарында Г.Аманиязова, « Зуля-Нұр», «Сулейменова»ЖК, «Амира» дүкені, «Кулбатыров» ЖК болды.
«Жанашырлыққа - жан риза» дегендей жүрек жылуын ұсынып, сауапты істің ортасынан табылған жандарға мектеп ұжымы разы болды.
Ендеше болашағымыз бақытты болсын десек, бір-бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды,қайырымдылығымызды аямайық, ағайын!
Г.Әлденова,
әлеуметтік педагог