Жұмысшы мамандығы – ел дамуының тірегі

Жұмысшы мамандығы – ел дамуының тірегі
(0 Votes)

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялауы – ел экономикасының нақты қажеттіліктерінен туған маңызды шешім. Бұл бастама қоғамда жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеріп, еңбекке деген құрметті арттыруға бағытталған.

Бүгінде өндіріс, құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету салаларында білікті кадрларға сұраныс жоғары. Бұл – техникалық мамандықтардың ел дамуы үшін стратегиялық маңызы зор екенін көрсетеді. Дәнекерлеуші, электрик, механик, құрылысшы сынды мамандар – кез келген өндірістің өзегі.

Мемлекет техникалық және кәсіптік білім беруге айрықша назар аударып отыр. Жұмысшы мамандықтарына тегін оқыту, мемлекеттік гранттар бөлу, тәжірибеге бағытталған оқу – осы салаға жастарды көптеп тартуға жол ашуда.

 

Қабылхан Омаров

аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT