Жұмыс табуға ниеттілер жәрмеңкеден табылды

(0 Votes)

"Мақат ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

Бұл жолы жұмыс ұсына келгендердің қатарын: "Болашақ Атырау" ЖШС, "Сенімді Құрылыс" ЖШС, "Консолидейтед Контрактинг Инжинирнг & Прокбюрмент С.А.Л- Офшор" филиалы, "Фиркрофт Инжиниринг Сервисиз Лимитед Казахстан" ЖШС, "Kaz Project Operating" ЖШС, "Оризон" ЖШС, "Темірәлі" ЖШС-і, "Мақат ауданының жастар ресурстық орталығы" КММ және Мақат аудандық қазынашылық басқармасы толықтырды.

i

Жәрмеңке болатындығы жөнінде хабарламалар алдын ала берілгенімен, "Атағынан ат үркитін" алпауыттардың өкілдері қатысқан жәрмеңкеге ағылған жұртшылықтың қарасы аса көп болмады. Күні бүгінге ауданымызда жұмыссыз қатарында 544 адам тұрса, соның он үш пайызы ғана келіп отыр. Оның үстіне ,жұмыссыздар қатарындағы азаматтардың санаттары әр түрлі. Жәрмеңкеге бақ сынай келгендердің түйіндемелері "далада қалмады". Олардың бәрі де жұмыс ұсынушылар қолында кетті.

Жәрмеңке барысында жұмыс ұсынушы мекемелердің алды он тоғыз түйіндемені қабылдаса,кемі үш адамның болса да үмітін жалғады. Жалпы елу бес түйіндеме қабылданды.

Жәрмеңке өткізуді қолға алған орталық директоры Ж. Есенғожин бұл жөнінде былай деді: "Жыл басынан орталыққа жұмыс іздеуші ретінде 688 адам хабарласты. Хабарласқанның елу сегіз пайызы әйел адамдар. Ал, жәрмеңкеге келушілердің санының аз болуы түгелге дерлігі ер адам болғандығымен түсіндіріледі". Жәрмеңке жұмыссыздық статусынан құтылуға жәрдем етсе жарар-ды.

А. САДЫҚОВ,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT