Берсең, балаға бер

(0 Votes)

1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай аудан әкімдігі мен NCOC компаниясы қолдауымен Мақат кентіндегі «Жеңіс саябағында» мерекелік шара өтті.

i

i

Аудан әкімінің орынбасары Хайдар Төлеуішов, аталмыш компания өкілі Назгүл Шыңғысова құттықтауымен басталған мерекелік шарада мүмкіндігі шектеулі балғындар өнер көрсетіп, тамашалаушыларға көтеріңкі көңіл сыйлады.

i

i

"Аққу арманды" әуелете шырқаған Маңғыстау Сымбат тамылжыған үнімен талайға таңдай қақтырды. Әсіресе, "Ана-Әке" көркемсөзін тебірене оқыған Аяжан Кенжебайқызы көпшіліктің көңілін тербеп, көзіне жас әкелді.

i

i

i

Әкеден ғана сұрасаң,

Аспаннан айды әперед(і)...

Қуаныш пен бар қайғысын өмірдің,

Ана ғана көтереді салмағын, - деп Аяжан әке аналарымыздың өлшеусіз қадірін бала жүрегімен бағалай өтті. Сәл сезімге беріліп тұнжыраған тыңдармандарды тау халқының биімен Ерназ Марғат бастаған ұлдарымыз бір серпілтіп алды. Топ құрамындағы Қуанұлы Асылхан, Төлеп Ерхан, Кеңшілік Нұрдәулет, Серікқали Ақниеттер де билегенде алдына жан салмады. Ғабдолла Ахмадидың биіне көпшілік қол соқты.

i

Атыраудан арнайы келген қуыршақ театрының өнерпаздары түрлі мултьфильм кейіпкерлерінің кейпіне еніп, балаларды сан түрлі ойынмен күлкіге қарқ қылды. "Сымбат" би тобының кішкентай бүлдіршіндері де биден тарту жасады.

Шара соңы NCOC компаниясының мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сыйлықтарды табыс етуімен аяқталды.

А. Садықов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521