Салық рақымшылығы: Азаматтар салық берешегі туралы қалай біле алады

(0 Votes)

Бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы вице-министрі Қанат Байеділов азаматтар салық берешегін қалай біле алатындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық осы жылғы шілде айының үшінші онкүндігінде басталатын болады. Ережеге сәйкес, әрбір аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында комиссия жасақталып, олар өсімпұлдарды есептен шығарумен айналысады. Біз бұл науқанды таяу арада бастап кетуге дайынбыз», - деді ол.

Осы орайда вице-министр жеке тұлғалардың салықтық берешегінің бар екендігін қалай білуге болатындығын айтып берді.

«Жеке тұлғалар қарыздың барлық сомасын Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми интернет-ресурсынан не болмаса электронды үкімет порталынан біле алады. Бұған дейін азаматтарға қарызын білу үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет болатын. Дегенмен, Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитеті электронды цифрлық қолтаңбасы жоқ азаматтарға арнайы жағдай жасап отыр. ЭЦҚ-сы жоқ азаматтарға Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында арнайы қызмет іске қосылған. Оның көмегімен онлайн режімде ЖСН-ді теру арқылы қарызды білуге болады», - деді Қанат Байеділов.

Вице-министр салықтық берешекті өтеу үшін арнайы өтінім толтырып, салық органдарына қандай да бір құжаттар алып барудың қажеті жоқ екендігін баса айтты.

«Ең басты шарт - осы жылдың 1 қаңтарында жиналып қалған негізгі қарызды өтеу. Қалғанын біз соңына дейін жеткізіп, жабамыз», - деді вице-министр.

Материал ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT