"Zhas Project" іске кірісті

(0 Votes)

«Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы облыста биылғы жылдан бастап жүзеге асырылды. Жұмыссыз жастардың үздік әлеуметтік жобаларын сынға салатын гранттық конкурсқа аудан бойынша 66 жас қатысып, 28 әлеуметтік жоба іріктеуден өткен. Яғни, осыншама жұмыссыз жас өз кәсібін бастап, бүгінде еңбегінің жемісін көріп отыр. Бағдарламаның ең тиімді тұсы сол, әр жобаға қайтарымсыз миллион қаражат және қатысушыға 40-60 теңге көлемінде шәкіртақы бөлінеді.

Бүгінде ата-ана балаларының біліміне барынша көңіл бөліп, жан-жақты болуына жағдай жасауда. Ағылшын тілін білу - уақыт талабы.

i

i

Осыған орай, жобаның грантына ие болған «Smart and Merry» оқу орталығы ашылды. Орталық барлық талаптарға сай, сапалы білім алып, ой-өрісін дамытуға септігін тигізеді. Орталықтың жаңа ашылғанына қарамастан 50 оқушы білім алады. Әр топқа аптасына 1 сағаттан үш рет дәріс арқылы ағылшын тілінің базалық курсын меңгеру мүмкіндігі берілмек. Мұнда 4 жастан ересектерге дейін, оның ішінде аз қамтылған, көпбалалы отбасылар, тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі адамдар ағылшын тілін тегін үйренетін болады.

i

- «Zhas Project» бағдарламасы аясында 3 күндік оқытудан өтіп, 6 ай бойы жобаны жүзеге асырмақпыз. Топ мүшелері Ботагөз Сисенғали ұйымдастыру ісімен айналысса, Каракойшиева Нұржауған балаларға ағылшын тілінен сабақ береді. Жоба мерзімі аяқталғаннан кейін де оқыту курсы жалғасын табады,-дейді топ көшбасшысы Мөлдір Жакупова.

А.ТАУМҰРЫНОВА,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521