Бүгін еліміздің Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады.
Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар 12 284 487 Қазақстан Республикасы азаматының 63,66 пайызы өз таңдауын жасап, дауыс берді. Ал, оның ішінде 5 561 937 адам (71,12%) референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берді. Бұл – халықтың пікірі. Яғни, біздің мемлекет те дамыған елдер секілді референдум арқылы маңызды мәселелерді халық болып бірлесе шешіп жатыр. Осыған дейін ел алдында қандай қиын міндеттер тұрса да, жауапкершілік жүгін мемлекет арқалап келген болса, енді халық та өз дауысын беріп, сол арқылы өз ұсыныстарын білдіріп, былайша айтқанда, өз үнін қосып отыр. Міне, демократия деген осы болса керек. Жай ғана «мен патриотпын» деп кез келген адам ауызбен айта алады. Ал, кешегідей дауыс беру учаскесіне аяқтай келіп, таңдау жасау – елдің ертеңі үшін бей-жай қарай алмай, шынайы алаңдаушылық білдіре алатын азаматтардың ғана ісі деп білемін.
Мәншүк МҰҚАШЕВА,
Мақат ауданының Құрметті азаматы, халықаралық Еуразиялық телевизия және радио академиясының академигі, филология ғылымдарының кандидаты