Жаңа жұмыс орындарын құру арқылы еліміздегі жұмыссыздықты азайтып халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атқарушы билікке бірнеше басым бағыттарды атап көрсеткені белгілі. Бұл орайда аудан көлемінде де тиісті шаралар қабылдану үстінде. Ауданда жоспар бойынша 1882 жаңа жұмыс орыны құру. Десекте өткен 8 айда 1553 жаңа жұмыс орындары құрылып орындалысы 82,5 пайызды құрады. Бір қуанарлығы оның 785 тұрақты жұмыс орыны болып табылады.
Ұлттық жобалар шеңберінде аудан бойынша 11 жобаға 60 жұмыс орындары жоспарланса, 45 жұмыс орны құрылған. Аудандық мансап орталығы арқылы 45 жұмыссыз азамат уақытша жұмыс орындарымен қамтылды. Ұлттық жоба арқылы жұмысқа жолданған жұмыссыз азаматтардың зейнетақы төлемдері толығымен аударылып отырады.
Аталмыш орталыққа жұмыс мәселесі бойынша 2114 адам хабарласып, оның 1 177-і жұмыспен қамтылды, оның 690-ы тұрақты жұмыс және 487 уақытша жұмыс орындарына қол жеткізді.
Жалпы аудан бойынша «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жоба шеңберінде жұмыспен қамту шараларымен 1543 адам қамтылып отыр.
Халықты жұмыспен қамту бағытында белсенді шараларының бірі жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру. 2024 жылға аудан бойынша 4 бос жұмыс орындарының жәрмеңкеcі өткізілді.
Жәрмеңкеге 159 адам және 48 жұмыс берушілер қатысып, нәтижесінде 106 адам жұмыспен қамтылды, 30 адамға кеңестер берілді. Мемлекет басшысы жүктеген міндетті мінсіз атқару бағытында алдағы уақытта тиісті шаралар қабылданатын болады.
Ажар СЕРІКҚАЛИЕВА,
Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.