Құрылыс жұмыстары жыл аяғына дейін аяқталмақ

(0 Votes)

Үш қабатты ғимараттың құрылыс жұмыстары 2024 жылдың желтоқсанында аяқталады деп күтілуде.

⁃ Мектеп барлық заманауи оқу құралдарымен жабдықталады. Оқушылар үшін футбол алаңы, баскетбол және волейбол алаңы, 250 метрлік жүгіру жолы, теннис корты, гимнастика сабақтарына арналған аймақ, сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларына арналған түрлі спорт түрлері мен сабақтарға арналған спорт алаңдары салынады. Барлық залдар арнайы спорттық жабдықтармен қамтамасыз етіледі,-деп хабарлады Атырау облысы құрылыс басқармасының баспасөз қызметі.

2023 жылы "Игілік" ерікті әлеуметтік-инфрақұрылмдық бағдарламасының бюджеті 25 миллион АҚШ долларын құрады.

Қаражаттың негізгі бөлігі Атырау облысында балабақшалар, ауруханалар, мектептер және басқа да әлеуметтік нысандар салуға бағытталды.

ТШО Атырау облысының білім беру саласын қолдау мен дамытуға ерекше көңіл бөледі, сондықтан "Игілік" бағдарламасы аясында салынған әлеуметтік нысандар заманауи білім беру талаптарына жауап береді.  

1993 жылдан бері 120-дан астам инвестицияланған 385 миллион доллардан астам қаражат Атырау облысындағы мектептер, ауруханалар, демалыс аймақтары, балабақшалар және басқа да жалпы пайдалану объектілері сияқты әлеуметтік нысандарды тұрғызуға бағытталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521