Атырауда жұмыссыз азаматтарды жұмысшы мамандықтары бойынша оқуға іріктеу басталды

Атырауда жұмыссыз азаматтарды жұмысшы мамандықтары бойынша оқуға іріктеу басталды
(0 Votes)

 Қысқа мерзімде оқытудың I кезеңінде 94 адам 4 мамандық бойынша оқуын бастады. Қазір II кезеңге іріктеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

-Биыл «Теңізшевройл» компаниясымен 250 адамды оқыту жоспарланды. Шілде айында 94 жұмыссыз оқуын бастап, оның ішінен 32-сі мамандық сертификатын алып шықты. Қазір, басқарма мамандары барлық ауданды аралап, 2-ші кезеңге іріктеу жүргізіп жатыр. Үміткерлер металлконструкцияларды дәнекерлеуші, БӨАжА монтаждаушы, электрмонтаждаушы, құбырмонтаждаушы мамандықтары бойынша кәсіптік білім ала алады, - деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркебұлан Әбілқасымов.

Анықтама үшін: кәсіптік оқыту облыс әкімдігі мен «Теңізшевройл» ЖШС-гі арасында бекіген келісім-шарт негізінде жүргізіледі. Осыған орай, жыл сайын 250 жұмыссыз оқытылады. Былтыр жұмысшы мамандықтары бойынша білім алған 250 адамдың 85 пайызы жұмысқа орналасқан.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT