Кәсіподақтағылар көмек қолын созды

(0 Votes)

Алда келе жатқан тәуелсіздік және жаңа жыл мерекесі тұсында «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының кәсіподақ  комитеті ауданымыздағы әлеуметтік аз қамтылған жанұяларға азық-түлікпен көмектесуді жөн санапты.

Қамкөңіл жандардың көңілдеріне қуаныш болсын деп мұнайшылардың бір ауыздан құптаған бұл бастамасын кәсіподақ төрағасы  Самат Мұханбетов өзі бастап тізім бойынша үй-үйді аралап, әріптестерінің аманатын жеткізіп берді. Жалпы аудан бойынша 15 жанұяға қолдау көрсетілсе, соның 8 жанұясы Доссор, 7 -і Мақат кентінен. Бұған дейін де бірнеше қайырымдылық істерге белсенділік танытып жүрген бұл ұжымға  тұрғындардың кейбірі азық-түлігін алып жатып,  басқа да мұң-мұқтаждарын жеткізіп үлгерді.

whatsapp-image-2019-12-09-at-12_50_02

Көмек сұрағандардың өтініші жерде қалмайтынын ескерткен кәсіподақ төрағасы, сұранысты келесіде қаперіне алатынын  жеткізді.

w

 "Қара алтынның" қадіріне жетіп қана қоймай, "қара" халықтың қамын күйттеп жүрген бұл ұжымға айтулы мереке тұсында көңілі бір көтеріліп қалған аудан тұрғындары ағынан жарылып, алғысын білдірді.

А.САДЫКОВ

Суреттер автордікі  

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT