Басты бағыт - ашықтық пен әділеттік

(0 Votes)

Үкімет отырысындағы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің бұл ұсынысының басты бағыты - еңбекке ынталандыру, азаматтардың табыстарын және мемлекеттік қолдау мөлшерін есепке алуға қатысты ашықтық пен әділеттікті қамтамасыз ету.

Жалпы бұған дейін де үкімет тарапынан ұйымдастырылып жатқан елдің әл ауқатын оңалту шараларына бағытталған істер аз емес. Өзіміздің Мақат ауданы бойынша жағдайы төмен көпбалалы отбасылардан 155 отбасы, 924 адам атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылған. Бұның ішінде көп балалылардың басым екені түсінікті.

АӘК шартты және  шартсыз болып екіге бөлінетін. Шартты әлеуметтік көмек дегеніміз, отбасы құрамындағы еңбекке қабілетті жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту шаралары арқылы  және әлеуметтік бейімдеуге тарта отырып тағайындалса, шартсыз атаулы әлеуметтік көмек  отбасында еңбекке қабілетті азаматтары жоқ және жалғыз басты аналарға тағайындалады. Осы орайда көп балалы жанұяларда  жұмысқа жарамды бола тұра, жұмысқа шықпай - не өзі пайда келтірмей,  не АӘК алуға кесірін келтіріп жүрген азаматтардың бар екенін көзіміз шалып жүр. Ал жоғарыда қарастырылып жатқан жоба - осындай кедергілерге тап болған  "жазықсыз" жандарға таптырмас мүмкіндік. Себебі бұл жерде табыс көзіне қарамайды.

А.Бағытов

аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының "АӘК" жөніндегі консультанты

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT