Атырау мұнай өңдеу зауытының мәлімдемесі: қауесеттер орнына фактілер

Атырау мұнай өңдеу зауытының мәлімдемесі: қауесеттер орнына фактілер
(0 Votes)

Телеграмм-арналарда Атырау мұнай өңдеу зауытындағы баяу кокстеу қондырғысының күрделі апатты жағдайы туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат таралуда. 

2024 жылдың қараша айында өткен күрделі жөндеуден кейін баяу кокстеу қондырғысы штатты режимде жұмыс істеп тұр. Қондырғының қуаты – тәулігіне 3 300 тонна дейін шикізатты құрайды. Өнім сапасы аккредиттелген зертханалармен расталған. Қондырғының барлық жұмыс параметрлері – температура, қысым және өнім сапасы – белгіленген нормаларға сәйкес келеді. Зауыт барлық экологиялық және өндірістік стандарттарды сақтауда.

Өкінішке қарай, қоғамда «АМӨЗ» ЖШС қызметіне кір келтіруді көздейтін жекелеген тұлғалардың мүддесімен байланысты болуы мүмкін қауесеттер таралуда. Бұл күштер қоғамдық пікірді манипуляциялау арқылы қажетсіз дүрбелең мен кәсіпорынның тұрақтылығына күмән туғызуда. Біз бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамды тек ресми көздерден алынған ақпаратқа сенуге шақырамыз.

Атырау мұнай өңдеу зауыты тұрақты, қауіпсіз және диалог үшін ашық жұмыс істеуде.

АНЫҚТАМА: Баяу кокстеу қондырғысының қуаттылығы тәулігіне 3 300 тоннаға жетті, шығарылған өнім (бензин, газойль, кокс) барлық сапа стандарттарына сәйкес келеді. Қондырғы жұмысының технологиялық параметрлері нормативтерге толықтай сәйкес келеді, ал тәуелсіз сарапшылардың бағалауы бойынша реакторлардың болжалды пайдалы қызмет мерзімі шамамен 10 жылды құрайды. 2021 жылдан бастап тұрақты тексерулер мен жабдықтарды жаңғыртудың нәтижесінде қондырғының жұмысындағы тәуекелдер 40%-ға төмендеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT