Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуы – еліміз үшін үлкен тарихи белес.
30 жыл ішінде Ассамблея ел ішінде ғана емес, халықаралық деңгейде де бірегей институт ретінде танылды. Ол этносаралық қатынастар саласында тиімді тәжірибе ұсынып, Қазақстандағы ұлтаралық ынтымақтастықтың үлгісіне айналды.
Бұл мерейлі күн — елдің тұрақтылығы мен бірлігінің, ортақ құндылықтарға негізделген қоғамның айғағы. Ассамблея жұмысы арқылы біз «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген халық даналығының айқын көрінісін көріп отырмыз.
Қазақстан халқы Ассамблеясы – ел тәуелсіздігінің баянды болуына, қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың сақталуына қызмет етіп келе жатқан маңызды құрылым.
Қабылхан Омаров,
ардагерлер кеңесінің мүшесі