Алматыға келген шетелдік туристер саны артқан

Алматыға келген шетелдік туристер саны артқан
Фото: Ашық дереккөз
(0 Votes)

Соңғы үш жылда Алматыда туризм саласында айтарлықтай өсім байқалған. 2021 жылдан бастап қаладағы туристік ағын 91,8% – ға өскен. Бұл ретте шетелдік туристер саны рекордтық 4,2 есеге, ал ішкі туристер саны 56,3% - ға өсті. Туризм саласының өркендеуі нәтижесінде салық түсімдері үш есе ұлғайған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, туристік инфрақұрылымды дамыту бағытында да белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. 2022 жылдан бастап 43 жаңа қонақ үйдің құрылысы басталып, 5972 нөмірлік қор жасақталуда. Бұдан бөлек, 26 туристік жоба жүзеге асырылып жатыр, оның жетеуі 2025 жылы аяқталады деп жоспарланған.

«Туризмді дамыту бағыты бойынша Алматыда көрсетілген кезеңде 1000 км-ден астам тау маршруттары цифрландырылды, оның 750 км-ден астамы абаттандырылды, «Кімасар», «Лунная поляна», «Ақ бұлақ», «Титова» және басқаларын қоса алғанда, 13 кемпинг-аймақ құрылды. Бұл қаланы табиғат пен ашық ауада әуесқойлар үшін тартымды етеді», делінген хабарламада.

Сонымен қатар халаның халықаралық аренадағы беделі де артып келеді. Алматы The New York Times басылымының «Баруға 52 орын» тізіміне енді, Wanderlust журналының ТОП-24 бағыттарының қатарына кірді, Шымбұлақ пен Oi-Qaragai курорттары ТМД-дағы үздік тау шаңғысы бағыттары ретінде танылды және Катардағы халықаралық көрмеде «Үздік туристік дестинация» сыйлығына ие болды.

Айта кетейік, қалаға 2025 жылға қарай 2,5 миллион турист тарту көзделген. Бұл бағытта қала әкімдігі туристік инфрақұрылымды дамытумен қатар, Алматыны халықаралық нарықтарда таныту және заманауи маркетинг құралдарын қолдану арқылы кешенді жұмыс атқарып жатыр.

Mastercard зерттеуіне сәйкес, туристердің қанағаттану индексі 4%-ға өсіп, 67,5%-ды құраған. Бұл көрсеткіш ұсынылатын туристік қызметтердің сапасының жоғарылағанын білдіреді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT