Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында республика көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараны өткізу барысында заңсыз жолаушы тасымалымен айналысатын такси жүргізушілері тарапынан жолда жүру ережесін бұзушыларды анықтау үшін тас жолдарда рейдтік шаралар өткізілді.
Көлік құралдарының техникалық жай-күйінің нормативтік талаптарға сәйкестігі, қайта жабдықталуын анықтау, қауіпсіздік талаптарына сай емес жолаушылар автокөліктердің пайдалануына тыйым салынып, жеке тұлғалар арасында әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды.
Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің баптарымен 146 әкімшілік хаттама толтырылды.
Р.МАЖИТОВ,
аудандық полиция бөлімі бастығының
бірінші орынбасары, полиция майоры
Сурет: ашық дереккөзден