Мақатта 99 пайыз түлек оқуға түсті

(0 Votes)

Жайдары жаз бітіп қоңыр күз де келді. Сұрғылт күзбен бірге жаңа оқу жылы басталып кетті. Әдеттегіден бір оқу жылы артта қалып, ұстаздар жаңа қарқынмен жаңа оқу жылын бастаса, оқушылар да сүйікті білім ордасына оралды.

Ал, былтырғы жас түлектер үлкен қалаларға сапар шегіп, мен-мен деген жоғары оқу орнына қадам басып, студент атанды.

Аудандағы 8 жалпы орта білім беретін орта мектепті өткен маусымда 231 түлек қорытындылады. 2021-2022 оқу жылында аудан бойынша 13 "Алтын белгі", 17 "Үздік аттестат" иегерлері болған еді. Жас түлектер ұлттық біріңғай тестілеуді сәтті қорытындылап, межелі баллдарын жинап шықты. Ұлттық біріңғай тестілеу қорытындысы бойынша, ауданда 3 оқушы 100-ден жоғары балл жинады. Сондай-ақ, өзге үміткерлер мен үздік аттестат иелері тестілеудің екі мүмкіндігінен де 90-97 балл аралығында балл жинап, қалаған мамандықтары бойынша грант, ақылы негізде оқуға қабылданды.

Бүгінде бала шақтан болашаққа қадам басқан, аудан түлектерінің 99 пайызы оқуға түскенін хабарлайды аудандық білім беру бөлімі. Оның ішінде жоғары оқу орнына түскендер саны – 170 болса, колледжге түскендер саны - 60. Ал, 1 түлек белгілі себептерге байланысты оқуға түсе алмаған.

Болашаққа қанат қаққан түлектер, бүгінде үлкен өмірдің бірінші сатысына шықты. Өйткені, түлектер енді оқушы емес, студент деген атты иемденіп отыр. Оның ішінде, бағы мен бабы келіскен 66 түлек грант иегері атанды. Оның 51-і мемлекеттік грант болса, 7-і нысаналы, 8-і облыс әкімдігінің гранты негізінде оқуға түсіп отыр.

Айта кетейік, грантқа түскен оқушылардың көбісі техникалық бағытты таңдаған.

 

А.Жұмабергенова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT