Apple компаниясы өз смартфонының он бірінші нұсқасында ең мықты әйнек болатынын мәлімдеген еді. Бірақ жаңа сатып алынған iPhone-дарда тез сызат пайда болғанын айтып, шағымданушылар көбейген, - деп хабарлайды "Популярная механика".
Pocketnow порталының мәліметінше, компанияның техникалық қолдауына шағымданғандар көп. Кей қолданушылардың хабарлауынша, смартфон әйнегіне тырнақтан немесе пластикалық картадан сызат түсіп қалады. Сызат орнын саусақпен ұстағанда қатты сезіледі екен.
Әйнек бейімдірек және сызаттарға төзімсіз, бірақ кетіктер мен сынықтарға шыдамды материалдан жасалуы мүмкін екені айтылады. Мамандардың сөзінше, смартфон жайлы мәліметтер аз. Бұл Apple инженерлерінің қателігі ме, қолданушылардың телефонды дұрыс ұстамауынан ба - дәл айту қиын дейді олар. Қазір ресми форумда осы тақырып талқыланған тармақ 13 парақшаға жеткен, жазбалар әлі көбейіп жатыр.
Популярная механика