2023 жылдың 19 қаңтар күні 15:19 сағатта Атырау қаласы, З.Қабдолов көшесі мекен-жайда орналасқан бұрынғы Химзавод аумағында түтін шыққаны туралы шақырту түсті.
Шақырту орнында 2 резервуар жанында шамамен 64 шаршы метр көлемінде май қалдықтары жануда.
Оқиға орнында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 16 қызметкері мен 5 техника өртті сөндіруде.
Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы