Көктайғақтың алдын алу жұмыстары жалғасуда

(0 Votes)

Жылыой ауданында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында қар тазалау және көктайғақтан алдын-алу жұмыстары жүргізілді. 

  Иә, ауданымыздағы кейінгі ауа-райына сәйкес, қала мен ауыл жолдарының көктайғақ болғаны рас. Ауылдар мен кентке қатынайтын жолдар жабылып, қалаішілік қызметтік көліктің де тоқтап қалды. Десек те, бұл жайт дереу қолға алынып, қала әкімдігі тарапынан бақылауға алынды. Аталған жұмыстарға арнайы техникалар мен жұмысшылар жұмылдырылып, негізгі және ішкі жолдар, сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолдары тазаланды. Бұл туралы қала әкімі аппаратының бас маманы Әзизхан Демесінов:
    -Қар тазалау жұмыстары үздіксіз жалғасуда және тұрақты бақылауда. Бұл ретте күннің суықтығына қарамастан, тазалық жұмыстарына белсене қатысып жүрген азаматтарға алғысымыз зор,-деді өз сөзінде. 
     Еске салсақ, аудандағы қолайсыз ауа-райындағы тазалық жұмыстары үшін жуырда “Теңізшевройл” компаниясы 18 арнайы көлік табыстаған еді. Бүгінде көліктер ел игілігіне жарап, жұмыстардың жылдам орындалуына жарап жатыр.

Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT