Тазалық – ортақ жауапкершілік

(0 Votes)

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Исатай ауданына қарасты Қамысқала ауылында ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, ауылдың санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Акция барысында ауыл айналасы, негізгі көшелер мен жол жиектері тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Тазалық жұмыстарына ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері және белсенді азаматтар қатысып, елді мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты. Нәтижесінде ауыл аумағы тазарып, тұрғындар үшін қолайлы әрі жайлы орта қалыптасты.

 

 

Ауылдың және жол бойларының тазалығын сақтау – барша тұрғынның ортақ міндеті. Осы орайда ауыл халқын және жол жүріп өтетін жолаушыларды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарап, қоқыс тастамауға, тазалықты сақтауға шақырамыз.

Тазалық – тәртіптің айнасы. Таза ауыл – өз қолымызда. Қамысқала ауылында жүргізілген бұл игі шара алдағы уақытта да жалғасын табады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT