Бүгін «Бақ-ырыс» мейрамханасында жыл бойы тынымсыз еңбек етіп, өз саласында үздік нәтиже көрсеткен әр сала қызметкерлерін марапаттау үшін «Жыл үздігі – 2025» салтанатты іс-шарасы өтті.


Шара барысында аудан әкімі Азамат Мәмбетов құттықтау сөз сөйлеп, ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына және мәдениеті мен рухани өміріне өлшеусіз үлес қосқан әр сала мамандарын 19 аталым бойынша марапаттады.
«Жыл үздігі – 2025» номинациясын иеленгендер:
1.«Үздік мемлекеттік қызметкер» - Болатбек Сәрсен Амандықұлы;
2.Үздік мекеме басшысы” Баймұқашев Руслан Теміржанұлы;
3.«Үздік ұстаз» - Джанбиршиева Самал Ермеккалиевна;
4.«Үздік медицина саласының қызметкері» - Демесинова Анар Урынбаевна;
5.«Үздік теміржолшы» - Аскаров Марат Дыбысович;
6.«Үздік мәдениет қызметкері» - Гумарова Гүлмейрам Нұрболатқызы;
7.«Үздік газ саласының қызметкері» - Абдрахманов Еркин Дарабаевич;
8.«Үздік әлеуметтік қызметкері» - Мурзахметов Асет Болатович;
9.«Үздік БАҚ қызметкері» - Ізтұрғанова Мөлдір Серікқызы;
10.«Үздік мұнайшы» - Бердиев Валерий Таласкалиевич;
11.«Үздік ауыл шаруашылығы қызметкері» - Мұқаш Сағындық Жауқашұлы;
12.«Үздік коммуналдық сала қызметкері» - Бітімбаев Мейірхан Уалиханұлы;
13.«Үздік су шаруашылығы қызметкері» - Баймағамбетов Махмуд Орақұлы;
14.«Үздік құқық қорғау саласының қызметкері» - Адайбай Ақберген Мусаұлы;
15.«Үздік байланыс саласының қызметкері» - Жұмашева Шолпан Далбанқызы;
16.«Үздік төтенше жағдайлар саласының қызметкері» - Хисметуллин Ерсайын Сұлтанұлы;
17.«Үздік халыққа қызмет көрсету саласының қызметкері» - Атабаева Камажай Досымқызы;
18.«Үздік энергетика саласының қызметкері» - Сабиржанов Руслан Эдуардович:
19.«Үздік пошта саласының қызметкері» - Дунентаева Нургул Жумабайқызы.
Марапаттан соң аудан көркемөнерпаздары концерттік бағдарламасын көрермен назарына ұсынды.
Ә.ҚАСЫМ
Суретті түсірген Б.СЕРІК



