Атырауда полиция "Адам саудасын бірге тоқтатамыз!" атты ақпараттық түсіндіру акциясын өткізді
- Автор: Сайт әкімшілігі
- Категория: Өзекті
- Read Time: 1 min
- 67

30 шілде - дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай Атырау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері теміржол вокзалында арнайы "Адам саудасын бірге тоқтатамыз!" атты ақпараттық түсіндіру акциясын өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Шара барысында тәртіп сақшылары жолаушылар мен қала тұрғындарына адам саудасының қауіптілігі, оның түрлері мен белгілері туралы мәлімет беріп, аталған жағдайдан сақтану жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ адам құқықтарын қорғауға бағытталған жадынама парақшалар таратылып, тұрғындармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Акцияның басты мақсаты — қоғамда адам саудасы туралы түсінікті қалыптастыру, қылмыстың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Атыраулық полицейлер адам саудасына байланысты қылмыстың алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі сұрақтар бойынша "102" нөмірі бойынша немесе "116 16" сенім телефонына хабарласу қажеттігін ескертеді.